Салауатты өмір-денсаулықты сақтау-спорт жұмыстары » Ескелді ауданы
Жетісу облысы
Ескелді ауданы білім бөлімінің
"Ақешкі бастауыш мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Салауатты өмір-денсаулықты сақтау-спорт жұмыстары
Мен және менің денсаулығым
03
November
2022
Мен және менің денсаулығым
Ескелді ауданы. Ақешкі бастауыш мектебі күзгі демалыс кезіндегі "Мен және менің денсаулығым" атты 2 сынып оқушылар арасында пікірталас жүргізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіре отырып,ол үшін тазалық пен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Спорттық іс-шараны
20
October
2022
Спорттық іс-шараны
Ақешкі бастауыш мектебінде "Әкем, анам және мен - біз спорттық отбасы" тақырыбында отбасы сайысы өтті.  Мақсаты: спорттық ойындарды орындата отырып,спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Сайыс  8 турдан құралған.5 балдық жүйемен бағаланады.Ойын шартын жүргізуші әр ойын барысында, таныстырып отырды. Әділқазылар  қорытындысын жариялап женімпаздар анықталды.
«Шынықсаң шымыр боласың!» суға шомылу
30
June
2022
«Шынықсаң шымыр боласың!» суға шомылу
Мақсаты: Суға түсу ережелерімен таныстыру, үйрету.  Сипаттамасы: Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында суға шомылу, күнге күю, судағы ойындар ұйымдастырылды.  Оқушыларды су қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Оқушылар өздеріне берілген уақытты көңілді өткізді. 
Талдықоған қаласындағы М.Тынышбаев атындағы мұражайға бару.
29
June
2022
Талдықоған қаласындағы М.Тынышбаев атындағы мұражайға бару.
Мақсаты: Облыс аймағының кешегі өмірі мен бүгінгісі туралы мағлұмат беру.      Сипаттамасы: Мұражайдан балалар халқымыздың салт-дәстүріне байланысты мағлұматтар, көне жәдігерлер мен оның шығу тарихымен жете танысты. Schoolchildren суретшілердің экспонаттары, залындағы орналасқан сурет көрмесіндегі суреттер жақсы әсер қалтырды. Сонымен қатар облысымызды мекендейтін ұлыстардың мәдени мұраларымен танысты. Мұражайдан оқушылар жақсы әсермен оралды.
Көңілді старт
28
June
2022
Көңілді старт
Мақсаты: Волейбол ойнау ережелерін пысықтай отырып, ойынды ойнату.  Сипаттамасы:  2022 жыл балалар жылы қарсаңында Ақешкі аулында спорт алаңы ашылды. Ашылуы саланатты түрде  өткізілді. Балалар волейбол , баскетбол, «Ыстық картоп» ойындарын көңілді ойнап қайтты. 
«Ақын Сара» мұражайына бару. Тамшыбұлақ
27
June
2022
«Ақын Сара» мұражайына бару. Тамшыбұлақ
Ақешкі бастауыш мектебінің 4 сынып оқушыларымен «Ақын Сара» мұражайына бару. Тамшыбұлақ. Сынып жетекшісі: Адильбекова Р.С. Мақсаты: Жерлесіміз Сара апамыздың өмірі мен жете таныса отырып мағұлымат алу.  Сипаттамасы:  Мұражайдан оқушылар ақынның жеке өміріне қатысты жәдігерлерді көріп, оның тарихымен танысты. Ақынның өмірі туралы көп мағлұматтар алды. Қайтар жолда «Тамшыбұлаққа» аялдап, табиғаттың қайталанбас керемет көрінісін тамашалады. Балалар саяхаттан үлкен әсермен қайтты.
"Қауіпсіздік ережесімен таныстырылым өтті
15
June
2022
"Қауіпсіздік ережесімен таныстырылым өтті
      Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары мен қонақтары! Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс көлемінде балалардың қатысуымен 7 оқыс оқиға тіркелгенін, оның ішінде 6 бала суға батып, 1 бала биіктен құлау деректері тіркелгенін хабарлаймыз. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, су қоймалары басында балаларға ерекше назар аударып, суға шомылуға тиым салынған жерлерге бармауларыңызды сұраймыз. Абай болыңыздар, балаларыңызды қадағалаусыз қалдырмаңыздар!           
"Қыстың сиқырлы қылқаламы" тақырыбында қолдан жасалған туындылар.
17
January
2022
"Қыстың сиқырлы қылқаламы" тақырыбында қолдан жасалған туындылар.
Ақешкі бастауыш мектебі 4 сынып оқушыларының "Қыстың сиқырлы қылқаламы" тақырыбында қолдан жасалған туындылар. Мақсаты: Шығармашылыққа баулу.Сынып жетекшісі: Есова Ф.К.
"Қыс келді, тамаша!" тәрбие сағаты
22
November
2021
"Қыс келді, тамаша!" тәрбие сағаты
Ескелді ауданы, Ақешкі бастауыш мектебі. 4 сынып оқушылары "Қыс келді, тамаша!" Мақсаты: Қарға сурет салып үйрену, бос уақыттарын тиімді пайдалануға тәрбиелеу.