Оқу-тәрбиелік жұмыс » Ескелді ауданы
Жетісу облысы
Ескелді ауданы білім бөлімінің
"Ақешкі бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқу-тәрбиелік жұмыс
Ақешкі бастауыш мектебі 7 - Мамыр Отан қорғаушылар күнін атап өтті
05
май
2023
Ақешкі бастауыш мектебі 7 - Мамыр Отан қорғаушылар күнін атап өтті
      Ақешкі бастауыш мектебі 7 - Мамыр Отан қорғаушылар күніне мерекелік іс - шара өтті. Мақсаты: Баланы Отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Іс - шараны білім алушылар әдеби - музыкалық монтажбен бастады. Өткізілген іс - шарада оқушылар түрлі спорттық ойындар ойнап, жарыстарға қатысты.
Ақешкі бастауыш мектебінде 9 - Мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өтті
05
май
2023
Ақешкі бастауыш мектебінде 9 - Мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар
    Ақешкі бастауыш мектебінде 9 - Мамыр Жеңіс күніне арналған іс - шаралар өтті.  Іс - шараның мақсаты: Отанын қорғауда асқан ерліктің үлгісін көрсеткен батыр ұлдары мен қыздарын мәңгі есте сақтау, құрметтеу. Өткізілген іс - шара барысында оқушылар ерлік істері мен есімдері алтын әріппен жазылған ерлерімізге арналған бейнеролик көрді. Батырларға арналған өлеңдерін айтып, әндерін шырқады. Жеңіс күніне арнап салынған сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Біз жемқорлыққа қарсымыз!
14
февраль
2023
Біз жемқорлыққа қарсымыз!
        Ақешкі бастауыш мектебінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары аясында "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" тақырыбында 2 - 4 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Білім алушылар тақырыпқа сәйкес өз ойларын суреттеп берді.
Мектеп инспекторымен кездесу өтті
23
декабрь
2022
Мектеп инспекторымен кездесу өтті
      Ақешкі бастауыш мектебінде  Ескелді АПБ-нің, ЖПҚБ-нің, ЮПТ-ның, УПИ литенанты Жақсылков Саят Жұмақанұлы Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өткізіп, жүргізіліп жатқан іс - шаралармен танысып, пікір алмасты. 
"Қош енді, қош бол қоңыр күз"
30
ноябрь
2022
"Қош енді, қош бол қоңыр күз"
"Қош енді, қош бол қоңыр күз" 4 сынып оқушыларының шығармашылығы. Жеткешісі: Есова Ф.К.  
Мен және менің денсаулығым
03
ноябрь
2022
Мен және менің денсаулығым
Ескелді ауданы. Ақешкі бастауыш мектебі күзгі демалыс кезіндегі "Мен және менің денсаулығым" атты 2 сынып оқушылар арасында пікірталас жүргізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіре отырып,ол үшін тазалық пен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Шапшаң оқып үйренейік
02
ноябрь
2022
Шапшаң оқып үйренейік
1 сыныпта "Шапшаң оқып үйренейік"  тақырыбында күзгі каникул кезінде сыныптан тыс   іс -шара өткізілді.  Мақсаты:Білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыра отырып,шапшаң оқуға баулу. 1 сыныпта көркем жазудан "Көркем жазып үйренейік" тақырыбында  сабақ өткізілді.Мақсаты:Оқушылардың әріп элементтерін дұрыс және көркем етіп жазуын қадағалау. Оқушылар өткен әріптерді қайталай отырып,қысқа мәтіндерді дәптерге көркем етіп көшірді.Сөздерге дыбыстық талдау жасады.Тақтада көркем жазуға машықтанды.
"1001 мақал,101 жұмбақ" атты сайыс
01
ноябрь
2022
"1001 мақал,101 жұмбақ" атты сайыс
Ақешкі бастауыш мектебінің 4 сынып оқушылары арасында демалыс кезінде балалардың уақытын тиімді өткізу және өз білімдерін көрсету аясында "1001 мақал,101 жұмбақ" атты сайыс ұйымдастырылды.Сайыстың мақсаты:Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра,қымбат қазынасы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу.Тәрбиелігі:мақал мәтелдер мен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу.
"Қызықты  математика" сайыс
31
октябрь
2022
"Қызықты математика" сайыс
Акешки  бастауыш мектебінде 31қазан күні 3 сынып оқушыларымен "Қызықты  математика" тақырыбында сайыс сабағы өтті. Мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру, ойын, тілін, логикалық ойларын дамыту. Жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.